« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
коммуналдық мекемелер мұндай көзқарастан арылуы керек
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімі аппаратының мәжілісі өтіп, онда алдағы жылу беру маусымына әзірлік пен облыс аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының кейбір мәселелері талқыланды.
Өткен жылу беру маусымында тұрғындарды әбігерге түсірген ірі апаттар орын алған жоқ. Дегенмен, бірқатар кемшіліктерге жол берілген. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Е.Әбдіхалықовтың айтуынша, алдағы жауапты кезеңге дайындық жасау үшін облыстық штаб жасақталған. Жылу энергия кәсіпорындарында жөндеу кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы” АҚ бойынша электр желілерін күрделі жөндеу, "Қызылордажылуэлектрорталығы” мен "Оңтүстік бу қазандығы” филиалында бу қазандықтары мен трансформаторлар, турбогенераторлар ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр. Хабарламашының айтуына қарағанда, кестедегі мамыр айына белгіленген жұмыстар кешеуілдеуде. Аудандық әкімдіктер мен облыстық басқармалар әлеуметтік нысандардың жылу жүйелеріндегі ақаулар туралы толыққанды зерттеу жүргізбеген. Өткен жылу маусымындағы газ, жылу және электр энергиясының үзіліспен берілуі, қазандықтардың істен шығуы, жылу маусымы басталғаннан кейінгі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі сияқты кемшіліктер қайталанбауы тиіс.
Коммуналдық саланың қысқа толыққанды әзірленуіне тұтынушылардың қордаланған қарызы тұсау болып отыр. Маусым айының 1-дегі мәлімет бойынша қарыз көлемі 739 млн. теңгеден асып жығылады. Қарыздың басым бөлігі тұрғындардың үлесінде болғанымен, 8 пайыздан астамы бюджеттік мекемелердің берешегіне жатады. Мектептер мен денсаулық сақтау, мәдениет нысандарының жылу мен электр энергиясына қарыз болу себебі қаржының дұрыс жоспарланбағанынан туындаған. Аймақ басшысы басқармалар мен аудан әкімдіктері берген мәліметтердің бір-бірімен үйлеспейтінін сынға алып, әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығын жеке-жеке зерттеуді тапсырды. Ал коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерді бюджет қаржысына қол жаятын масылдықтан арылуға шақырды.
Алдағы уақытта Еуропаның қайта құру және даму банкімен бірлесіп, жылумен, сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету салаларында ірі жобалар жүзеге аспақ. Ал коммуналдық мекемелер банктің менеджментіне сай болуы үшін жаңа жағдайда жұмыс істеуге қабілетті кадрлар дайындауы керек.
Мәжілісте құрылыс саласындағы кейбір мәселелер мен түйткілдер талқыланды. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы С.Нәметшаның айтуынша, өткен жылы 154 нысан пайдалануға берілсе, биыл 173 нысан халық игілігіне берілмек. "Қолжетімді тұрғын үй” бағдарламасына бөлінген қаржы өткен жылғыдан 1,8 млрд. теңгеге өскен. Биыл берілетін пәтер саны өткен жылға қарағанда 33 пайызға артық. Қызылорда қаласында "Қазақстан тұрғын үй құрылыс” корпорациясы 4 үйдің, "Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры” АҚ 6 үйдің құрылысын бастайды. Басқарма басшысы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы, нысандарды құжаттандыру және мемлекеттік тіркеу жұмыстарының барысынан да аз-кем ақпарат берді. Жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған 7 нысан, атап айтқанда, перинаталдық орталық, Арал ауданындағы 2 мектеп, балабақша мен ауылдық клуб, Қызылорда қаласындағы 1200 орындық және Шаған аулындағы білім ошағы пайдалануға берілмек. Сондай-ақ «Қорқыт ата» мемориалын аяқтау міндеті тұр.
Құрылыс саласының "жанды” тұстары туралы сөз қозғаған хабарламашы нысанның сапасыз салынуына ең алдымен дұрыс жоспарланбаудың кесірі тиетінін атап өтті. Нысанның уақытылы пайдалануға берілмеуінің түп негізінде де осы кінәрат жатыр. Құрылысшылар ескі материалдарды пайдалануды да әлі күнге дейін тоқтатпай келеді. Облыс басшысы құрылыс сапасын қадағалайтын, мемлекеттік сараптамадан өткізетін органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |