« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жаз шығып, күн ысыған бойда түрлі жұқпалы аурулардың да белең алатыны белгілі. Әсіресе, жедел ішек инфекцияның белсенділігі артады. Жедел ішек инфекциясына жедел дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі және түрлі гастроэнтериттер жатады. Жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштары ұсақ микроорганизмдер, яғни бактериялар болып табылады. Ол бактериялар қоршаған ортада (жерде, суда, түрлі қоқыстарда, т.б.) көп таралған. Сонымен қатар олар тамақтарда ұзақ уақыт сақталып, кейбіреуінде өсіп-өнеді.
Қазіргі кезде жіті ішек инфекциялары қоғамдық денсаулық сақтау ісінің өзекті мәселесі болып отыр. ДДҰ бағалауына сәйкес жіті ішек инфекциялары балалар арасында болатын барлық жұқпалы аурулардың ішінде екінші орында және әлемдегі балалар өлімі құрылымында 4-ші орында тұр. Жұқпалы аурулармен тіркелген аурушаңдықтар бойынша ауылдық елді-мекендерден гөрі қала тұрғындарының аурушаңдығының үлес салмағы жоғары болып отыр.
Бұл дертті халық арасында «кір қолдың ауруы» деп атайды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты эпидемиялық ахуал күрделеніп отыр, сондықтан тазалыққа ерекше сақтықпен қарамаса, баланың да, жас пен кәрiнiң де iш ауруын жұқтырып алуы әбден мүмкiн. Аса жұқпалы әрi асқындырып алған жағдайда өте қауiптi бұл дерттiң негiзгi таратушысы – шыбын-шiркейлер мен тарақандар. Сондай-ақ даладан келген бетте қолды жумай, бiрден дастарқанға ұмтылу сияқты әдет те iшек ауруына ұрынуымен аяқталуы мүмкiн.
Жұқпалы iшек ауруларының таралу себебi сан алуан: қайнамаған су, сапасы төмен тағам, қолды жумай жеген тамақ, т.б. Iшек инфекциялары сәбилер арасында көп кездеседi. Жас аналар бөбектерiн емшектен ерте шығарып жiбередi де, сүт қоспаларымен қоректендiредi. Олардың тағы да жаман әдеттерi тамақты өздерi аузымен шайнап барып баланың аузына салуы мен емiзiкше-соскасын аузымен тазалаған болып балаға берулерi дұрыс емес. Оның аяғы осындай кеселге соқтырып отырады.
Күнделікті тұтынатын тағам өнiмдерi тоңазытқышта сақталады. Тоңазытқышқа тағамдарды орналастырғанда жемiс-жидектер мен сүт өнiмдерiнiң шикi ет пен балықтың жанына қойылмауына аса мән берiлу керек. Егер де осы сақтау ережелерi орындалмаса, сальмонелланы жұқтырып алу қаупi жоғары болады.
Жедел iшек ауруларыменен адам ағзасына қоздырғыштар түскеннен кейiн бiрнеше сағаттан соң немесе 1-2 күнде ауруы мүмкiн. Адамда әлсiздiк, басы ауруы, жүрегi айнуы, лоқсу, құсу пайда болады. Сонымен қатар iшек ауруларының кейбiр түрiнде (мысалы: дизентерияда) адамның iшi қатты бүрiп ауырып, iшi өтедi. Дене қызуы көтерiлiп, тамаққа тәбетi азаяды. Адамның iшi өтуi күнiне 4-5 реттен, 10-15 ретке дейiн болады.
Ауру осы аталған белгiлердiң бiр-екеуiнiң пайда болуымен 2-3 күнде жеңiл түрде өтуi мүмкiн, бiрақ бұл науқас өзiн саумын деп есептеп, айналасындағы адамдарға қауiп төндiредi. Сонымен қатар ауру одан әрi меңдеп, науқасты ауыр халге жеткiзуi мүмкiн. Сондықтан сырқат адам тез арада дәрiгерге көрiнiп ем қабылдауы қажет.
”Жұғын бар жерде шыбын бар, шыбын бар жерде шығын бар” деген нақылды ұмытпайық. Даладағы әжетхананы, үй маңайындағы тамақ қалдықтары төгiлген ұраны үнемi дезинфекциялап, гигиеналық-санитарлық талаптарды қатаң сақтаудың маңызы зор.
Ботагөз ҚАРЫМСАҚОВА,
облыстық салауатты өмір салтын
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |