« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылордалық Талғат Хусанұлының отбасында бүгінде бес қызғалдақ өсіп келеді. Олардың алды он бір жаста болса, ең кішісі – алты айлық. Ерлі-зайыпты Талғат пен Гүлнұр «барымыз да, бағымыз да – осы бесеуі» дейді.
«Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Қазақтың қанатты сөзі әр баланың өз несібесі болатынын айғақтайды. Қармақшылық Гүлнұр жиырма жасында тұрмысқа шықты. Бірақ өзі де, жолдасы да көпбалалы отбасынан емес. Қатарынан бес қызды дүниеге әкелгенін кейіпкеріміз тағдырдың сыйы ретінде қабылдайды. Өйткені балалы үйге бақ қонатыны белгілі.
– Қыз бала әдетте әкеге жақын болады. Біздің үйде де солай. Әкелері жұмыстан келгенде бірінен кейін бірі мойнына асылып, шаршағанын ұмыттырып жібереді. Ал ана болу – оның қасында екі есе бақыт, – дейді замандасымыз.
Гүлнұр өзі үшін қыз тәрбиесі аса қиындық келтірмейтінін айтады. Өйткені олар аналарының айтқанын екі етпейді. Үй шаруасына үнемі қолғабыс жасап жүреді. Оқу үлгерімдері де өте жақсы.
– Үлкен қызым спортқа жақын. Бірі есеп-қисапқа жүйрік, бірі дәрігер болуды қалайды. Бала болған соң армандары көп. Қандай мамандық иесі болса да, бастысы, адам қалпынан айнымаса екен, – дейді Талғат.
Назерке САНИЯЗОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |