Департаменттің бастамасымен қызметшілер бойында адалдық пен шыншылдық қасиетін арттыру мақсатында Жалағаш ауданында мемлекеттік мекемелердің арасында алғашқы болып аудандық білім бөлімінің ғимаратында «Адалдық дүкені» ашылып, өз жұмысын бастады.
«Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты – азаматтар арасында адал еңбек етуді насихаттау, олардың бойында адалдық құндылықтарын арттыру болып табылады.
Жалпы дүкендер қызметі – қоғамдық сананы өзгертуге, қызметкердің жұмысы мен оның қызметін шыншылдық негізінде қалыптастыруға және жалпы адалдыққа шақыруға бағытталған.