« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Көктем лебімен бірге көркемдік пен көрегендіктің, береке мен бірліктің символындай болған шуақты мереке де келіп жетті. Нәзіктік пен парасат иесі – аналар отбасының, өмірдің алтын діңгегі екені рас. Бүгінде олар мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында аянбай еңбек етіп, еліміздегі тұрақтылық пен татулықтың қалыптасуына септігін тигізуде.
Тіпті, қиындығы мол қылмыстық-атқару жүйесі саласында ер-азаматтармен бірге қызметтік міндеттерін мінсіз орындап жүрген нәзік жандар аз емес. Солардың бірі – көпбалалы ана, абыройлы қызметкер Бақыт Абилова. Облыстық ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық жасау тобының аға инспекторы, әділет майоры Бақыт Изенбекқызы 1978 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Бақыттың әкесі Изенбек те облыстық Ішкі істер департаментінде 25 жылдан аса абыройлы қызмет атқарған жан. Отбасында төрт қыздың кенжесі әке жолын қуып, заң саласында қызмет атқарсам деген арманмен өседі. Әкесінің әр айтқан ақылын бойына сіңіріп, оны өзінің үлгі тұтатын тұлғасына айналдырады. Арманы үнемі алға жетеледі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, заңгер мамандығы бойынша білім алады. Еңбек жолын облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің кадр бөлімінің инспекторы қызметінен бастаған Бақыт Изенбекқызы бүгінде ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық жасау тобының қабілетті де қарымды қызметкеріне айналды. Бақыттың жары Әлімхан Рысбембетов те осы сала қызметкері, әділет майоры. Қазір олар төрт перзент тәрбиелеп отырған өнегелі отбасылардың бірі.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |