« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазіргі кезде жоғары білім беру саясаты республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлаудың жағдайларын қамтамасыз ету, жоғары мектептің интеллектуалдық әлеуеті мен тәжірибелік-бағдарлық қызметін күшейту, оны ғылыммен және өндіріспен ықпалдастыру халықаралық білім беру стандартына сәйкестендіру, инновацияландыру қажеттілігімен айқындалады.
Бұл қажеттілік республикадағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін орта мектептерінің стандарттарына да негізделген. Аталмыш бағыттардағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында өткен жылдың қаңтарында республикадағы өзіндік орны бар оқу орнының бірі Қорқыт ата атындағы ҚМУ жанынан «Педагогикалық зерттеулер ғылыми орталығы» құрылды.
Бұл бағыттағы негізгі жұмыстар ҚМУ ғалымдарының ғылыми-әдістемелік жұмыстарын өз елімізде және алыс-жақын шет елдерде насихаттау, этномәдени ерекшеліктер мен дәстүрлерге негізделген ғылыми-ізденіс жұмыстарына сараптама жүргізіп, ұсыныстар мен негіздемелер даярлау, білім беру қызметін дамыту бағытындағы іргелі, қолданбалы ғылыми жобаларға қатысу, жаңа педагогикалық технологияларды ғылыми негіздеп, оқыту үдерісіне енгізу үшін ұсыныстар даярлау, семинар-тренингтер арқылы мамандарға психологиялық-педагогикалық кеңестер беру, өңірдің этнографиялық ерекшеліктеріне негізделген зерттеулерді, ұлттық тәрбиені насихаттау, аймақтық білім беру мекемелерінің ерекшеліктеріне негізделген оқу бағдарламаларына сараптама жүргізіп, оны оқу үдерісіне енгізу үшін ұсынымдар даярлау болып табылады.
Ғылыми орталық университеттің педагогикалық мамандықтар бойынша ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жетекшілік жасайтын, ғылыми-инновациялық және әдістемелік, тұлғалық-бағдарланған, жобалау және мәселелік-бағдарланған әдіс-тәсілдер мен технологиялар бойынша әдістемелік және тәжірибелік қызметтерін атқаратын құрылымдық бөлімшесі. Бүгінгі күні орталықта жоспарлаған соны технологияларды ғылыми негіздеп, оқыту үдерісіне енгізу мен семинар-тренингтер ұйымдастыру, мамандарға психологиялық-педагогикалық кеңес беру жұмыстары өз нәтижесін беруде .
Бүгінгі күні педагогикалық ғылыми зерттеу орталығы «Еліміздің интеллектуалдық әлеуеті» атты 2015-2017 жылғы мемлекеттік грантқа 19 ғылыми жоба әзірлеп, оны қаржыландыру сайысына жіберді. Оның 4-уі орталықтың ірілендірілген жобасы саналды.
Орталық жаңа мазмұндағы педагог кадрларды даярлау барысында теориялық әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды назардан тыс қалдырмайды. Осы орайда, жоғары оқу орындарындағы аттестациялауда, білім алушылардың білім нәтижесін сырттай бағалауда, тестілеудің жаңа форматына көшуіне байланысты әртүрлі тақырыпта өткен семинар-тренингтерді атап өтуге болады. Нәтижесінде университеттің 34 оқытушысы өткен жылы тестілеудің жаңа формадағы тапсырмаларын даярлаудың әдістерін табысты меңгеріп, сертификат алды.
Сонымен қатар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталықтарымен байланыс орнатылып, нәтижесінде «Өрлеу» бағдарламасы аясында университеттің педагогикалық мамандықтары бойынша 38 оқытушы біліктілік көтеру курсынан өтті. Оның 12-сі Ұлыбритания, Испания, Германияның жоғары оқу орындарында біліктілік көтеру курсынан білімдерін жетілдіріп, халықаралық деңгейдегі сертификатқа ие болды.
Орталық түрлі деңгейдегі білім беру бағытындағы сайыстарға университет профессор-оқытушы құрамының белсене қатысуын назарға алуда. Бұл орайда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ұйымдастырған республикалық «Жыл әдіскері» байқауы әдіскерлердің кәсіби білігі мен мәртебесін арттыруда, түрлі деңгейдегі мектепке дейінгі мекемелерден бастап ЖОО дейін әдіскерлер арасындағы байқауына, республикалық байқау ережесінің талаптарына сай деп танылған «Биология және география» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Г.Оңғарбаева қатысып, дипломант атанды. Педагогикалық зерттеулер ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері Г.Назарованың жетекшілігімен биология мамандығы бойынша студент Г.Жұмабаева педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге арналған облыстық байқауда жүлделі ІІІ орынға ие болды.
2014-2015 оқу жылында университеттің педагогикалық мамандықтары бойынша 55 оқытушысы, оның ішінде 15 оқытушы шетелде «Өрлеу» бағдарламасы бойынша біліктілік көтеру курсынан өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар орталықтың ұйымдастыруымен жыл бойы жалпы білім беретін орта мектеп және колледж мұғалімдеріне арналған ақылы семинар-тренингтер өткізілуде. Бұл семинарлар жеке пәндер бойынша оқытушылардың сабақ берудегі әдестемелік шеберлігі мен білігін жетілдіруге бағытталған. 2013-2014 жылы орталықтан облыстың 263 мұғалім оқытудың озық технологияларын оқып-үйреніп, арнайы үлгідегі сертификатқа ие болды.
Педагогикалық зерттеулер ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Жаңақорған аудандық білім бөлімінің №110 мектеп-лицейі және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу туралы келісім-шарт жасалып, «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізу» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға шығармашылық ұжым құрылған болатын. Бұл ұжым аз уақыттың ішінде біраз жетістіктерге қол жеткізді деп айта аламыз. Орталық қызметкерлерінің жетекшілік етуімен 8-10 сынып оқушылары түрлі пәндерден өткізілген "Үздік жас ғалым” сайысына қатысып, алғашқы жүлделі орындарды иеленді.
Сонымен қатар орталық арқылы аймақтың 5-10 сынып оқушылары бүкілресейлік «Таным және шығармашылық» сырттай байқауының пәндік олимпиадасына қатыстырылып, математика пәнінен 9-10 сыныптың үш оқушысы 3 орынға, биология пәні бойынша 7 сыныптың үш оқушысы 3-4 орынға ие болса, география пәні бойынша бір оқушы байқаудың лауреаты атанды.
Орталық отандық бағдарламалармен қатар, шетелдік бағдарламаларға да қатысу үшін бірқатар жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде А.С.Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университеті жанынан құрылған «Жоғары кәсіптік білім берудің автономды білім беру мекемесі» және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасында әріптестік келісім-шарт жасалды. Оның негізінде университеттің педагогикалық мамандықтағы 5 оқытушысы 2014-2016 жылдары 3 жылдық қайта даярлау курсынан өтетін болды.
ҚМУ жанынан құрылған ғылыми орталықтың үздіксіз білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды жетілдіру мен кәсіби маман дайындау барысында болашақта атқарар қызметі әлі де мол екені айқын.
Зоя СЕЙІЛОВА,
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |