Кеше Орталық стадионда «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл және «Жастар жылы», 1 наурыз – Алғыс айту күні мен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекелеріне орай волейболдан қыздар арасында республикалық турнир бастау алды.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі М.Оразбаев қатысты.
– Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Сондықтан, қазіргі таңда спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі болып отыр. Осындай жоғары деңгейдегі жарыстардың ұйымдастырылуы жас спортшылардың шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасуына септігін тигізері сөзсіз. Барлық қатысушыларға тартысты ойын өрнегін көрсетулеріңізге тілектеспін, – деп командаларға сәттілік тіледі.
Жарысқа Арал қаласының, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары және Қызылорда облысы аудандарынан келген 7 команда құрамында 70 спортшы-қыздар бақ сынауда. Жарыс қорытындысы бүгін белгілі болады.