ЖОЛ САҚШЫЛАРЫ ЖАРАДЫ

Бүгінде құқық қорғау органының қызметкерлеріне көңілі толмай, сынап жататындар көп. Әйткенмен, қай салада да қызметіне адал азаматтар жетерлік. Мысалға алар оқиғаның бірі Қасымхан Қыдырбаев есімді азаматтың басынан өткен-ді.
Қасымхан осы­дан аз-кем уақыт бұрын Шиелі ауданына жол тартқан. Ше­тел­дік көлік жүйткіп Тартоғай ауылының тұсына жеткенде кенет телефон шырылдайды. Тұтқаның арғы жағынан «Бұл Қыдырбаев Қасымхан ба екен?» деді бейтаныс жігіт. Сыпайы сәлемдесіп, өздерін таныстырған азаматтар жолда оған тиесілі автокөліктің мемлекеттік нө­мі­рін тауып алғанын және оны табыстайтынын жеткізді.
Дереу тоқтап, көлікті ай­нал­­шықтаған Қасекең көлік нө­мі­рінің түсіп қалғанын көреді. Міне, сол нөмірді тапқан ОПД жергілікті полиция қызметінің ППР 1-взводының аға қызмет инспекторлары Феликс Амрекулов пен Нұрмұхамед Мусалимов орталықтандырылған база арқылы иесін анықтап, табыстады. Қызметіне адалдық деп осыны айт.
– Егер де олар қайтарып бермесе, нөмірді қайта жасату үшін қаншама уақытым мен қаражатымды жұмсар едім. Жігіттерге рақмет, – деді Қ.Қыдырбаев ағынан жарылып.
Өмірде осындай жағдайға кезіккен жандар көп. Сақшылар олардың да жанынан табылары сөзсіз.
Дәулет ҚЫРДАН.
ҚОҒАМ 14 ақпан 2019 г. 961 0