ДІН – ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТІҢ, ҰСТАЙ АЛМАСАҢ – ҚАСІРЕТІҢ

Қоғамда адам санасын әртүрлі әдістер арқылы бақылай отырып, жеке тұлғаның физикалық жә­не психикалық жағдайының бұзы­луына, сөйтіп отбасына, қоғам мен мемлекетке қауіп төндіретін теріс пиғылдағы бүлдіргі топтар мен ағымдар деструктивті деп аталады.

Бұл ағымдар негізінен адамның ой-санасын улап, құқығы мен бостандығын бұзады, психологиялық дамуын баяулатады, өз өмірін бақылаудан және еркінен айырылады, яғни жеке тұлғаны өздеріне тәуелді етеді. Отбасының ойрандалуына ықпал жасайды. Ең қауіптісі, бұл ағым­дағылар өздерін шынайы діндар және ақиқат жолындағылар ретіндесанайды да қоғамда қалыптасқан жүйені бұзуға әрекет етеді. Олар өз ұйымдарына ақыл тоқтата қоймаған жастарды көбірек қамтуды көздейді. Осыған орай елімізде азаматтарды, әсіресе жастарды дәстүрлі емес және деструктивті діни ағымдардың шырмауына түсірмеу жолдары қарастырылуда.

Облыстық дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйым­дастыруымен мемлекеттік және бюд­жеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру өңірлік орталығында "Дәстүрлі емес және деструктивті діни ұйымдардың пайда болуы, оларға тән ерекшеліктер мен оның қоғамға тигізетін кері әсері” тақырыбында оқыту-семинары болып өтті.

Аталмыш шара барысында облыстық прокуратура басқармасының бөлім басты­ғыНүркен Тұрғанбай, Қызылорда об­лысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкері Қа­нат Майтенов, облыстық дін істері басқар­масының дін мәселелерін зерттеуорта­лығының директоры Тұрар Әбуов, орталық мамандары Батырбек Убаев пен Қанат Мырзабеков және ҚМУ-дың аға оқытушысы, дінтану магистрі Бақтияр Оспанов түрлі тақырыптарда әңгіме өткізді. Бірі еліміздегі діни бірлестіктердің қызметін мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздеріне тоқталса, екіншісі дәстүрлі емес дін ағымдарының пайда болуына, оның ерекшеліктеріне, тағы бірі олардың адам санасына әсер етуіне шолу жасады. Діни фанатизмнің қайда апарып соқтырарына тоқталды. Азаматтардың бас­ты қорғаны – діни сауаттылық пен өз-өзіне деген сенімділік, ата-бабамыз ұстанып келе жатқан бағыттан айнымау.

Әкімдіктер жанындағы терроризмге қарсы комиссия мүшелеріне және осы сала бойынша қызмет атқаратын жауапты тұлғаларға арналған тоқсан сайын өтіп тұратын оқыту-семинарына қатысушылар өзара пікірлесіп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптар алды.

 

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.


ҚОҒАМ 03 маусым 2014 г. 1 385 0