"13 млн теңге": Қазақстанда ең жоғары жалақыны кім алады?

 2018 жылдың төртінші тоқсанындағы статистикаға сәйкес елімізде ең жоғары және ең төменгі жалақының көлемі белгілі болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның мәліметінше, ең жоғарғы жалақыны яғни 13 миллион 192,4 мың теңгені кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, қаржы және сақтандыру қызметі және өзге де өңдеу өнеркәсібі салаларындағы бас директор алатын болып шықты.

 Ал ең төменгі 15,6 мың теңге көлеміндегі жалақыны – білім беру және мемлекеттік басқару салаларында үй-жайларды жинап-тазалаушы алады екен. 

Сондай-ақ, салалық құрылымдағы ең үлкен атаулы жалақы карьерлерді қазу мен кен өндіру өнеркәсібінде тіркелді – 390,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары).

Бұл санатқа қаржы және сақтандыру қызметінде – 364,7 мың теңге (2,1 есе жоғары), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 332,5 мың теңге (1,9 есе жоғары), ақпарат және байланыс саласында – 261,7 мың теңге (1,5 есе жоғары), құрылыс саласында – 227,5 мың теңге (1,3 есе жоғары) жұмыс істейіндер де кіреді. 

Ең төменгі атаулы жалақыны – 107,9 мың теңгені білім беру қызметкерлері алатын болып шықты. Бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 38,7% пайызға төмен екен.

Аймақтардағы ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 320,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есе жоғары.

Түркістан облысында мұның шамасы 109,7 мың теңгені көрсетті, бұл ел бойынша орташа деңгейден 37,7%-ға төмен.

ҚОҒАМ 30 қаңтар 2019 г. 692 0