« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Эпилептикалық (қояншықтық) ұстама кезінде көмек көрсетуші абыржымай, тез әрекет етуі тиіс.Талма ұстамалы науқас адамдар ең көп көмекті қажет етеді.Ең алдымен адамды зақымданудан қорғау керек, құлап бара жатса ұстау, өткір қырлары, ұштары бар заттардан, ыстық заттардан, т.б. аулақ жатқызу керек.
Ұстаманың бастапқы кезінде әдетте ауыз ашылады, одан соң шайнау бұлшық еттерінің құрысуынан тістер берік жабылады, ал одан соң шайнау қимылдарының болуы мүмкін. Бұл кезде тілдің, ұрттың ішкі жақтары, еріннің шайналып қалуы ықтимал. Бұның болмауы үшін тістердің арасына бір нәрсе қыстыру керек. Оны ұстаманың бастапқы кезінде, ауыз ашық тұрған кезде істеу қажет.
Егер жақтар қатты қарысып тұрса, ауызды күшпен ашудың қажеті жоқ: тістер мен жақты және т.б. зақымдап алу мүмкін. Егер үлгірсеңіз, азу тістердің арасына (алдыңғыларына емес) қандай да бір зат қыстырыңыз. Оның сынғыш зат болмағаны да жөн (ағаш, пластик), өйткені оның сынып қалып, қалдықтарының тыныс жолдарына кетіп қалуы мүмкін.
Ең жақсысы шиыршықталған матаны (орамал, бет орамал, киімнің қиындысы) немесе резина түтікті қолданған дұрыс. Зақым алмау үшін бас пен қол-аяқты ұстап тұру керек, бірақ оны күшпен, бұлшық еттердің жиырылуына қарсы, аяқ-қолға отырып алып және т.б. күйде істемеу керек.
Жанталасу немесе құрысу тиылғаннан кейін дем алып өздігінен қалпына келеді. Оған ең алдымен еркін тыныс алуды қамтамасыз ету керек. Ауру адам бір қырынан жатқызылады. Бұл тілдің таңдайға жабысуын және сілекейдің тыныс алу жолдарына кетіп қалуын болдырмайды.
Егер ұстама көшеде болса және есі ұзақ уақыт қалпына келмесе жедел жәрдемді шақыру керек. Егер ұстамалар бірінен соң бірі келіп, арасында сананың толық қалпына келуімен жүрсе, бұл үрей туғызуға себеп. Дәрігерге қаралғанға дейін науқас адамның өзі қабылдап жүрген талмаға қарсы дәрісінің қосарланған дозасын беру керек. Бірінен соң бірі болатын ұстамаларды "эпилептикалық статус” дейді. Бұл аса қауіпті, өмірге қатер төнгізетін жағдай. Мұндай сырқат қарқынды терапияны қажет етеді.
Толқын ЖУМАДИЛДАЕВА,
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |