« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстанға 320 миллион доллар тұратын ұшақпен ұшып келген Зимбабве президенті өз елі үшін инвестициялық қолдау іздеп жүр. Эммерсон Мнангагваның басшылығындағы мемлекет Африкадағы ең кедей ел болып танылған деп жазады News.tut.by cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Эммерсон Мнангагва ұшып жүрген әуе кемесі эксклюзивті ұшақ болып саналады. Ол Boeing 787−8 Dreamliner базасында жасалған. Бағасы 320 миллион долларға тең.
Бұл ұшақты жалға алу сағатына 74 мың долларды құрайды. Егер онымен ұшу уақыты бір апта көлемін қамтыса, жалға алушы кемінде 800 мың долларды жұмсауға мәжбүр болмақ.
Өз еліне инвестиция тартуды көздеп, ең қымбат ұшақпен саяхаттап жүрген Зимбабве президентінің іс-сапары да дәл осы қомақты соммаға шықпақ. Бұл тұрғыда, Африкадағы ең кедей саналған мемлекетте бүгінде гиперинфляция деңгейі жылына 230 миллион пайызға жетті.
Алайда, бұл көрсеткіштің өзі Эммерсон Мнангагваны эксклюзивті әуе кемесін таңдауда тоқтата қоймаған.
Ұшақтың ішкі құрылымының жобасын белгілі француз дизайнері Жак Пьержан өзі жасақтап шыққан.
Бұл әуе кемесі 17 сағатқа дейін жанармай құюды қажет етпейді. Ол еңсере алатын қашықтық 15 789 шақырымды құрайды.
Пилоттар құрамы ең тәжірибелі, ал борт қызметкерлері ең қонақжай. Олардың қонақжайлылық деңгейі жеті жұлдызға тең келген.
Ұшақ 40 жолаушыға арналған. Оның ауданы 220 шаршы метрді құрайды. Әуе кемесінің іші жатын бөлме, гардероб, қонақтар бөлмесі мен асханаға бөлінген.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |