« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бірде Қазалыда жауапты қызметтер атқарған Өмірзақ Ахметовті арнайы іздеп бардым. Қасымда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан. Өмекең темірдей тәртіпті сүйетін кісі екен, тоқсанның төріне шықса да жинақы, қуатты, шебер сөйлейтін болмысын байқатып отырды. Сондықтан ауылдағылар оның үстінен асып бара қоймайтын, аяқ тартыңқырайтын ұқсайды. Менің сырт жерден келгенімді сыйлағаны шығар, ашық әңгіме құрдық. Соның ішіндегі мына оқиға бөлек дүние еді.
«Менің Шымкент облысы Арыс аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Шәріп Қосмамбетов деген ағам болды. Соған 1946 жылы қыдырып бардым. Ағаның үйінде қазақтың қайталанбас балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов бар екен. Астан кейін кең әңгімелесу болды. Оған арқау болған Қажымұқан мен Иван Поддубный айқасы еді. Негізінен жеңіс Мұқан жағында болған ұқсайды. Өйткені ол «сол кезгі саясат солай еді» деп қалды. Неге дейміз ғой біз. Қажекеңнің жанын қоймаған соң ол ептеп шындықты шығарды:
– Кілемге Поддубныймен шығуым керек болды. Ә дегеннен қара күшті қосып, белінен қапсыра құшақтап, жамбасқа икемдеп қалып едім, ол жай ғана құлағыма сыбырлап «потише» деді. Мен түсіне қойдым да босатып жібердім. Себебі Ресей атынан барған 15 балуанның ішінде жалғыз мен ғана өзге ұлт өкілімін. Он төрті тұрып, мен жеңіп кетсем олар кешірмейтін еді. Және Қара теңіздің үстінде келе жатып суға лақтырып кетуі әбден мүмкін-тұғын. Осыны ойлап, амалсыз берілуге тура келдім, – деді.
Иә, Қажымұқанның мұндай құпиясы енді айтылып жатыр. Бәлкім, боз кілемде, саясат сахнасында, тіпті тарихта талай «итжығыстар» да өткен шығар.
Қаныбек ӘБДУОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |