Әскери қызметші болғыңыз келсе...

Еліміздің қорғаныс саласы жылдан-жылға дамып, әскер қатарының саны мен сапасы артуда. Қорғаныс қабілетінің одан әрі нығаю жолында әскери құрамаларға келісімшартпен қызмет ету бағытында мүмкіншіліктер өте көп.
Қазір таңға дейін Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті келісімшарт бойынша азаматтарды әскери қызметке жинақтауда.
Биылғы жылғы ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан өңірімізге берілген меже бойынша 119 әскери қызметшіні қабылдануына мүмкіндік бар.  
Аталған меже бойынша ниет білдіргендер қатары 105. 30 азамат әскери бөлімдерге келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданды. 40 азамат әскери бөлімдерге жолданып, бұйрық күтуде.  
Қойылатын талап
•Келісімшарт бойынша әскери  қызметке жеке бас құқығы сақталады. Яғни, ерікті түрде  қабылданады;
•Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
• Мерзімді әскери қызметін өткерген (әскери билеті бар)
•19 жастан асқан болуы тиіс;
•Әскери атаққа байланысты әскери қызметтегі шектік жастан бес жасқа кіші мерзімнен аспауы;
•ҚР Заңнамасында келісімшарт бойынша қызмет атқарудың мынадай мерзімдері 3 жылдан 5 жылға дейін;
Қабылдау ережесі
•медициналық куәландырудан өту;
•дене дайындығы деңгейінің сәйкестігін анықтау;
•кәсіби дайындық деңгейін анықтау;
•психологиялық жарамдылыққа тексеруден өту.
 Әскери қызметшіге көрсетілетін жеңілдіктер
•еңбекақысының жылма жыл өсуі;
•45 тәулік кезекті еңбек демалысы;
•білім деңгейін көтеремін дегендерге 50 пайыздық  жеңілдік;
•47 жастан бастап зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі;
• отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
•балаларын балабақшаға орналастыру.
Әскери қызметке қабылдана алмайсыз!
• әскери қызметтің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін денсаулығында кінәраттың болуы;
•сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;
•сот тәртібінде қасақана құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазасы бар;
•мемлекеттік қызметте жұмыс атқарып, олқылықтары арқылы жұмыстан шығарылғандар қабылданбайды.
Егерде, көрсетілген ақпарат арқылы қосымша да мәліметтерді білуге асықсаңыз тұрғылықты мекенжай бойынша орналасқан жергілікті басқару органдарының басқарма, бөлімдерінен білуіңізге болады.

Ж.Рзағазиев,
ҚІЖД Жасақтау басқармасының келісімшарт бойынша
әскери қызметке қабылдау бөлімшесінің бастығы,
кіші сержант.
ҚОҒАМ 08 қаңтар 2019 г. 941 0