«Нұрлы жер» бағдарламасының басым бағыттары қандай?

Тұрғын үй қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекет халыққа көмек көрсету тетіктерін үнемі жетілдіріп отырады. Соның бірі - күн санап артып келе жатқан сұраныс жағдайында халықты өз тұрғын үйімен қамтамасыз етуді көздейтін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы, деп хабарлайды primeminister.kz.
Бағдарламаның негізгі бағыттары: ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру; тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу; халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалдамалы тұрғын үй қорын құру; жеке тұрғын үй құрылысын дамыту; жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй құрылысына ынталандыру; бұрын қабылданған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру. Бағдарламаның бұл бағыттары бойынша қаржыландыру және субсидиялау тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтарға ғана емес, сондай-ақ тұрғын үй салушы компаниялар ме ипотекалық несие беретін екінші деңгейлі банктерге де ұсынылады.
Мәселен, «Нұрлы жер» бағдарламасында тұрғын үй нарығын дамыту бойынша кешенді шаралар қарастырылған. Бұл «Даму» АҚ-ның мемлекеттік субсидиялары арқылы банктік несиелердің құнын төмендету.
ҚР ИИДМ мәліметі бойынша, бүгінде қатысушы-банктерге жеке құрылыс салушылардан 72,6 млрд теңгеге 84 өтінім түскен. Оның ішінде «Даму» АҚ арқылы 45,2 млрд теңгеге субсидияланған несиелерді беру туралы 51 келісімге қол қойылды. 2020 жылға дейін барлыы 152 млрд теңгеге субсидияланған несие берліп, 600 мың м² коммерциялық тұрғын үй салу жоспарланып отыр, оның ішінде 199,6 мың м² салынып болды.
 «7-20-25» бағдарламасының енгізілуіне байланысты (Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы аясында) «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасынан «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ арқылы халықтың бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық несиелерін субсидиялау бағыты алынып тасталды. Сонымен қатар, жүзеге асырылған барлық кезең ішінде екінші деңгейлі банктер халықпен 34,5 млрд теңгеге 3336 субсидиялау келісімшартын жасасқан (2017 жылы - 919 келісім, 2018 жылы - 2417 келісім).
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылғаннан бері 876,9 мың м² несиелік тұрғын үй немесе 14658 пәтер салынды (2017 жылы - 570,4 мың м² немесе 9010 пәтер, 2018 жылдың 11 айында - 306,5 мың м² немесе 5648 пәтер). Жыл соңына дейін 500 мыңнан астам м² тұрғын үй (9 мыңнан аса пәтер) салынады деп күтілуде.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы басталғалы 248,1 мың м² жалдамалы тұрғын үй немесе 4592 пәтер салынды (2017 жылы - 146,5 мың м² немесе 2620 пәтер, 2018 жылдың 11 айында - 101,6 мың м² немесе 1972 пәтер). Жыл соңына дейін 185 мың м² (3 мыңнан астам пәтер) салынады деп күтілуде
2018 жылы тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарға инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге 42,1 млрд теңге қарастырылған.
ҚОҒАМ 08 қаңтар 2019 г. 506 0