Қытай оқушылары GPS бар киім үлгісін кие бастады

Қытай оқушылары GPS бар киім үлгісін кие бастады, онымен сабақта ұйықтауға және қыдырып кетуге болмайды. Бұл туралы informburo.kz порталы Abc.net-ке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Оқушылардың «ақылды» киім үлгісі елдің оңтүстік-батыстағы Гуйчжоу провинциясындағы онбір мектептке сынақ ретінде енгізілген. Бұл киім үлгісі балалардың тұрған жерін анықтап қана қоймай, олардың түр-тұлғасын да анықтай алады. Егер оқушы сабақтан қашып қыдырып жүрсе немесе рұқсатсыз мектептен кетсе дыбысты дабыл іске қосылады.
Егер оқушы сыныпты ұйықтап қалса бұл жүйе ата-ана мен мұғалімге белгі береді. Ата-аналар мобильді қосымша арқылы оқушылардың мектеп ғимаратына қашан кіргендігін бәрін көріп отыра алады.
Оқушының түр-тұлғасын анықтайтын жүйесі, балалар киімдерін ауыстырып, үлкендерді алдамас үшін жасалған.
ҚОҒАМ 31 желтоксан 2018 г. 441 0