ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ӨРКЕНДІ ӨРІСІ

«Ұлы даланың жеті қыры» – идеологиялық маңызы зор мақала. Елбасының мақаласын барлық өңірлерде талқылау шаралары жүргізілуде. Осы орайда, Қызылорда облыстық филармониясы ұжымы жалпы жиналыста  сала қызметкерлерінің ой-пікірлерін тыңдап, ұтымды ұсыныстарды бірге талқылады. Жиында Елбасы мақаласында ұлттық  өнеріміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне апаратын тың жоспар айқындалып, осы бағытта атқарылуға тиісті шаралар нақтыланғаны айтылды.
Түп тамырынан ажырап қалған елдің ертеңі кемелді болмасы анық. Елбасы осы мақала арқылы бүгінгі таңда кенжелеп қалған дала фольк­лоры мен музыкасын қайта жаңғыртуға, ұлы дала мұрагерлерінің өткен мың­жылдықтағы халық ауыз әде­бие­тінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыздар, қиссалар мен эпостарын, сондай-ақ қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға ар­налған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығаруды тапсырды.
Әлемде қазір қай салада болмасын бәсекелестік жолға қойылған. Осы ретте біздің халқымызды басқа елдер қалай таниды? Әрине, салт-дәстүрімізбен, ­сонымен қатар Жібек жолының бойында жатқан елдің әлем өрке­ниетінің дамуында өзін­дік орнын, түркітілдес ел­дердің қара шаңырағы екен­дігімізді танытуымыз керек. Міне, осыны өзімізден бас­тап, ұрпағымыздың, ба­ла­ла­рымыздың жадына то­қуы­мыз қажет.
Біздің тарихымыз – Қазақстан халқын бірік­ті­ретін, барлық азаматтарды жі­гер­лендіретін негізгі өзегі. Тарихымыз­дан қысылып-қым­ты­ры­ла­тын, ұялатындай кереғар жақ­та­рымыз жоқ. Керісінше, осындай салт-дәстүрге бай ел екенімізді мақтан тұтып, өзге елдерге үлгі болуымыз керек.

Әзиза ІЗДІҚҰЛОВА,
Қызылорда облыстық
филармониясы
директорының орынбасары.
ҚОҒАМ 27 желтоксан 2018 г. 679 0