Ринат Зайытов пен Мұхтар Ниязовтың атышулы айтысы бір миллионнан аса қаралым жинады

"Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысында айтысқан Ринат Зайытов пен Мұхтар Ниязовтың атышулы видеосы Youtube желісінде 10 күнде бір млн-нан аса қаралым жинап үлгерген деп хабарлайды NUR.KZ.
Желіде елордада өткен VII "Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысы қызу талқыға түсіп жатыр. Атап айтқанда, сайыстың бірінші күнінде бақы сынаған Ринат Зайытов пен Мұхтар Ниязовтың видеосын 10 күннің ішінде 1 154 471 адам көрген екен. Шыншыл сөз бен әдемі ұйқасқа қызығып, айтысты тамашалап жатқан жұрттың саны күн санап артып келе жатқан көрінеді.
Айта кетейік, 18 желтоқсан күні Ринат Зайытов, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Айбек Қалиев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Ершат Қайболдин сынды ақындар бақ сынаған бәсекеде "Алтын домбыраны" Жансая Мусина иеленген болатын.
Одан бөлек, айтыс соңында Ринат Зайытовқа 10 ұпай қоюды сұраған халық залда шу шығарған еді. Олар әділ-қазылардан әділдік сұрап, шапалақ ұруды тоқтатпай қойған болатын. Халықтың ықыласын сезген айтыскердің өзі сахна төріне шығып, қолдаған жұртқа алғысын білдірген.
ҚОҒАМ 27 желтоксан 2018 г. 920 0