« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Шындығында, қайда энергия қуаты жетпесе солар ең алдымен энергоресурстарын үнемдеуге ден қоятыны белгілі. Мұны бүгінде Әлемдік тӘжірибе де айғақтап кӨрсетіп беріп отыр. Жиырмасыншы ғасырдың соңында Жапон елі мен Еуропада Өз энергоресурстары жетіспегендіктен энергияны үнемдеу технологиясын ендіру саласы пайда болды.
Ал, өз кезегінде мұнай мен газы жеткілікті (Ресей, Қазақстан, Таяу Шығыс мемлекеттері мен басқалары) энергияны үнемдеуші технологияны ендіруге асықпады. Мұндай жағдайды әр мемлекеттің жекелеген салаларынан да кезіктіруге болады. Негізі энергоресурстарын өндіретін немесе жинақтап, тасымалдайтындарға қарағанда соңғы тұтынушылар энергия үнемдеу бағдарламасын орындауда оның алдын алады әрі тиімді пайдаланады. Жалпы бүкіләлемдік трендтік жағдаймен салыстырғанда Қазақстанда анау айтты айырмашылық жоқ. Дегенмен, энергоресурстар жеткілікті болғанына қарамастан, ол энергия үнемдеу бағдарламасын тоқтата алмайды. Мұндай мысалды "ҚазГермұнай” БК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тәжірибесінен көруге болады. Бұл серіктестік бүгінде энергия үнемдеуші технологиясын ендіру жөнінен аймақтағы үздік компания атанып отыр.
Осы орайда компанияның энергия үнемдеу саясатын жүзеге асырудың бір сыры бар екенін де айта кеткен жөн секілді. Көпшілікке белгілі, мұнда мұнаймен қоса шығатын ілеспе газды өңдеу бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Экономикалық есеп көрсеткіштері көрсетіп отырғандай, компания ілеспе газды өзінің ішкі қажеттілігіне (электр энергиясын өндіруге, жерасты қабаттарына айдауға, ғимараттар мен мұнайды тасымалдау кезінде жылытуға) пайдаланады. Сөйтіп, оның құрғақ газды өңдеп, тасымалдауға кететін шығыны айтарлықтай азайды.
Соған қарамастан, "ҚазГермұнай” БК” ЖШС «Ақшабұлақ» кенішінде мұнаймен қоса шығатын ілеспе газды өңдейтін екі қондырғы орнатып, Қызылорда қаласын газбен қамтамасыз ету жөнінде ауқымды әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Бұған қоса, "ҚазГермұнай” БК” ЖШС-ның газ саясатына орай "Кристалл менеджмент” ЖШС қуаттылығы 87 мВт-тық газотурбиналық электростанция салды. Осы электр станцияда өндірілген электр энергиясының бір бөлігін "ҚазГермұнай” БК” ЖШС тұтынады.
Сөйтіп, кәсіпорынның маңызды энергия үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыру үшін экономикалық себептерді туғызатын жағдайлар түрткі болған жоқ. Бірақ, компанияның мұнай өндіру мен аралас салаларда қазіргі заманғы технологиялар трендін қолдануы оған абырой мен атақ әкеліп, беделін көтерді.
Кәсіпорын энергоресурстарын тұтынуда негізгі бөлігін табиғи газға (58 пайыз) және электр энергиясына (41 пайыз), қалғандарын моторлы және қазандық пештері жанар майына пайдаланады. Энергияны үнемдеу жөніндегі жобаның мақсаты жанар май мен энергетикалық ресурстарды (ЖЭР) тиімді пайдалану және осы ЖЭР үнемдеудің көздерін ашу мен энергия үнемдеуде кешенді шараларды жүзеге асыру болып табылады. Сөйтіп, бастапқыда оның энергияны үнемдеу мүмкіндігі анықталды. Ол газ бойынша миллион текше метрден астамды немесе тұтынатын көлемнің 5,5 пайызын, электр энергиясы бойынша 1800 мың киловатт/сағатты (1 пайыз) құрады.
Электр энергиясы бөлігіндегі бұл мүмкіндікті жүзеге асыру үшін компанияға Р201А/В/С экспортты насос қуаттылығының реттеу сызбасын өзгерту қажет болды. Соның арқасында инвестиция салмай-ақ 1366 мың квт/сағат электр энергиясын үнемдеуге жол ашылды. Ал, бұл дегеніңіз ақшалай есептегенде 13 млн. теңгеден астам екенін білдіреді. Сондай-ақ, бұрын электр энергиясын көп қажет ететін электр шамдарын электр үнемдеуші шамдарға ауыстыру ісі үш миллион теңге инвестицияны қажет етті. Дегенмен, ол өзін-өзі бір жарым жыл ішінде ақтап, шамдарды ауыстырудан жылына екі миллион теңге үнемдеуге жол ашылады екен.
Кәсіпорындағы энергияны үнемдеу ісі кең ауқымдағы жұмыстарды жүргізудің арқасында мүмкін болып отыр. Мысал ретінде айтар болсақ, жұмыс істеп тұрған жарық жүйесіне жауапты тұлғаны бекіту 400 мың теңгені үнемдеуге немесе электр энергиясын 45 мың квт/сағатқа үнемдеуге әкелді.
"ҚазГермұнай” БК” ЖШС-ның өндірісте қолданып отырған жаңашылдығы әлем тәжірибесінде бар. Бірақ, ол біздің аймақта өте аз немесе жоқ десе де болады. Соның бірі мұнай өндірісінде пайдаланатын су жылытқыш қазандықтар сыртқы температураны есепке ала отырып автоматты жүйемен толықтырылған. Бұл іс 1800 мың теңге инвестицияны қажет етті. Бірақ олар өзін бір жылда ақтады. Сөйтіп, осы жаңашылдықтың арқасында жылына 186 мың квт/сағат электр энергиясын үнемдеуге қол жеткізілді.
Энергияны үнемдеу бұл тек газ бен электр энергияны, жанар-жағармайды, сондай-ақ, қаржыны үнемдеу ғана емес, сонымен қатар жұмысшыларға да жайлы жағдай жасау. Энергетикалық аудит өткізу шеңберінде Қызылорда қаласындағы бас офистің жылу сақтау жағдайына түсірілім жасалды. Осы түсірілім ішкі ауаның температурасы нормативті көрсеткіштен 7-12 градусқа артық екенін көрсетті. Мұндай жағдайда қызметкерлердің толыққанды жұмыс істеуі мүмкін емес еді. Сондықтан да олар әлсін-әлсін терезелерін ашып алатын. Жылу жүйесінің сыртқы температураға байланысты осы жайлары ретке келтірілгеннен кейін қызметкерлердің жайлы бөлмелерде жұмыс істеуіне жол ашылып, қазандықтың жанар май жұмсау шығыны да азайды.
Сонымен, "ҚазГермұнай” БК” ЖШС энергия үнемдеу бағытындағы жұмысы бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. Демек, компанияның бұл тәжірибесі көпке үлгі боларлықтай. Өйткені, мұндай әдіспен жұмыс істеуден ұтпасаң, ұтылмайтының анық.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |