« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жапонияда екі адамға қатысты өлім жазасы орындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, өлім жазасына кесілгендердің есімі құпия сақталып отыр. Жаза бейсенбі күні таңертең Жапония әділет министрі Такаси Ямаситаның бұйрығымен орындалған.
Айта кетер болсақ, соңғы рет елде жоғары жаза шілде айында қолданылған. Сол кезде заңмен тыйым салынған "Аум Синрикё" сектасының бұрынғы алты басшысы өлім жазасына кесілген еді.
Қазір Жапонияда жүзден астам адам өлім жазасын күтіп жатыр. Әдетте, елде өлім жазасы дарға асу түрінде, сот үкімі шыққаннан кейін бірнеше жылдан соң орындалады.
Мұндай жазаға кесілген адам өлімін жылдар бойы күтуі мүмкін, бірақ дарға асылатынын тек сол күні таңертең ғана біле алады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |