Музей - өлкенің тарихы, халықтың қазынасы

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар», – деген болатын.
Осыған орай Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып жатырған «Өзгерістерді өзіңнен баста!» кіші бағдарламасына сәйкес Департамент қызметкерлері облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы тарихи жәдігерлермен танысып, еліміздің, аймағымыздың тарихы мен тұлғалары туралы мағлұматтар алды.  
Музейге саяхат Агенттік төрағасының орынбасары А.Шайымованың Сыр еліне жұмыс сапары барысында өткізілді.
ҚОҒАМ 20 желтоксан 2018 г. 585 0