БІРТҰТАС ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІК:

ӨЗАРА САУДАНЫҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ 64,1 ТРЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАДЫ

КЕДЕН ОДАҒЫ МЕН СОНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ҚҰРЫЛҒАЛЫ ОТЫРҒАН БІРТҰТАС ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІК АУМАҒЫНДАҒЫ ЕЛДЕРДІҢ ӨЗАРА САУДА-САТТЫҚ КӨЛЕМІ 2013 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША АҚШАҒА ШАҚҚАНДА ДӘЛ ОСЫНДАЙ КӨЛЕМДІ ҚҰРАП ОТЫР. БҰЛ ЦИФР ОЙЛАНАТЫНДАЙ-АҚ ОҢДЫ ДЕРЕК ЕКЕНІН МОЙЫНДАМАСҚА БОЛМАЙДЫ.

Үстіміздегі жылы Еуразиялық интеграция идеясына 20 жыл то­ла­ды. Көпшілікке мәлім, бұл идея­ның бастаушысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Жу­ырда ғана Елбасы Мәскеуде мемлекеттік университет оқыту­шы­лары мен студенттерінің ал­дын­да Еуразиялық кеңістіктің не­гізінде жүзеге асырылатын ин­теграциялық үдерістер жөнінде дә­ріс оқыды. Ертеңіне ол Кеден одағы негізінде құрылатын бір­тұтас экономикалық кеңістік ая­сын­­да бүгінгі күнге дейін жүр­­­гізілген интеграциялық үде­ріс­­тер­дің жай-күйімен мен перспективалары туралы мәсе­ле­лерді талқылаған Минск мәжі­лісіне қатысты. Құрылатын ин­те­грациялық одаққа енетін ел­дер арасында, әрине, бірқатар ке­ліспеушіліктердің барлығын атап өту маңызды. Минскде оның бір­қатары бойынша өзара тиімді келісімдерге қол жеткізілді. Бұл одаққа өзге де елдер қызы­ғушы­лық таныта бастады.

Қазақстан Президенті сол кез­десулерде: "Мен асығыс ше­шім қабылдауға қарсымын. Бірақ алдын ала келісілген уақытқа үл­гереміз, ол үшін түйткілді мәсе­лелердің түйінін тарқатамыз де­ген сенімім бар. Біз бұрын да консенсусқа келіп жүрдік. Ал­да­ғы уақытта да бір келісімге ке­леміз деп ойлаймын. Менің ой­ымша, бүгінде күн тәртібінде тұрған 3-4 мәселе бар. Олардың барлығын әр бөлім бойынша сарапшылармен бірлесе қарасты­ра­мыз деп ойлаймын”, деген бо­латын.

БІРТҰТАС ЭКОНОМИКАЛЫҚ  КЕҢІСТІК:Енді жоғары Еуразиялық эко­номикалық кеңестің мемлекет бас­­шылары деңгейіндегі кезекті отырысы мамыр айының 29-ы күні Астанада өтеді деп белгі­ленді. Осы­ған дейін болған ара­лық кез­десулердегі одаққа мү­ше елдердің пікірі бір арнаға то­ғысады, яғни сарапшылар пікі­ріне қатысты мә­се­ленің негізгі түйіндері шеші­летін сыңайлы.

Әлемдегі жаһандану үдерісі экономикалық байланыстың өза­ра тиімді жолдарын іздестіру мақ­сатында тың бағыттар іздеуге мәж­бүрлеп отыр. Геосаяси мәсе­лелер тұрғысынан алсақ, бар­лық жерде өзара тиімді эконо­микалық байланыстар үшін жа­қындасу үдерісі байқалуда. Бір­тұтас экономикалық кеңістік ая­сындағы бірігуді осы мақсат тұр­ғысынан игілікті қадамдар ре­тінде бағалуға болады. Дәйекте­мелерге жүгінейік. 2013 жылы Ке­ден одағы және біртұтас эко­но­микалық кеңістікке мүше мем­лекеттердің арасындағы бірқатар келіспеушіліктерге қарамастан оң­ды нәтижелерге қол жеткізді. Өткен жылы Қазақстан экспорты 76,7 млрд. АҚШ долларын, им­порты 30,5 АҚШ долларын құ­рады. Ресей федерациясында бұл көрсеткіш тиісінше 490 млрд. дол­лар, импорт 295 млрд. доллар. Беларусь республикасында экс­порт 19,5, ал импорт 20 млрд. АҚШ долларына жетті. Қа­зақ­станның халық саны 17 млн. адамды құрайды. Енде­ше жоғарыдағы аталған цифр­лар біздің экономикалық мүмкін­діктеріміздің қаншалықты зор екеніне айқын дәлел бола алады.

Сонымен 29 мамырда Ас­танада Еуразиялық экономи­калық кеңестің жоғары деңгей­дегі мәжілісі өтеді. Бұл кездесу бүгінге дейін шешуін күткен түйінді мәселелерге жауап береді деп ойлаймыз.

 

Ж.ӘЛМАХАНҰЛЫ.
ҚОҒАМ 27 мамыр 2014 г. 991 0