КӘСІПКЕРЛЕР ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Республикалық деңгейде жүргізілген «Мектепке жол» акциясы аясына Қызылорда қаласындағы №43 Ж.Махамбетов атындағы орта мектеп ұжымы белсене атсалысты. Оған өңірдің кәсіпкерлік саласында тасы өрге домалап жүрген бірқатар елағалары қаржылай демеушілік көрсетті.
Игілікті іске «Най-Мир» ЖШС директоры Ж.Күрденов, «Қыран» ЖШС директоры Ж.Сыздықов және қалалық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов қол ұшын созды. Осының нәтижесінде акция барысында мектепте білім алып жүрген 270 оқушы киім және оқу құралдарымен жабдықталды.
Ізгілікті шараға көмек қолын ұсынған жанашыр жандарға мектеп ұжымы ризашылығын білдірді. Ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына табыс тіледі.
Абай ТҰРБАЕВ,
№43 Ж.Махамбетов атындағы орта мектеп директорының орынбасары.
ҚОҒАМ 22 қазан 2013 г. 1 085 0