СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫ – ӨЗБЕКСТАНДА

СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫ – ӨЗБЕКСТАНДА

Жуырда Өзбекстан Республикасында қазақтың үш биінің бірі, орақ тілді, от ауызды шешен Әйтеке бидің370 жылдығы тойланып өтті. Өзінің тапқырлығы, көрегендігімен халықты бірлікке үндеп, ынтымақта жарастырып, елдің тыныштығын сақтау жолында әділ билік еткен би атаға арналған мереке ауқымды түрде аталды. Айтулы шарада Сыр өңірінің өнерпаздары, оның ішінде облыстық филормонияның бас директоры Т.Мақашов бастаған ұжым, Тұрмағанбет халық аспаптар оркестрі, «Жанкент» дуэті және дәстүрлі орындаушылар «Сыр – Алаштың анасы» атты концерт өткізді. Мерекеде Сыр елінің жылы лебізі мен сәлемін жеткізе барған өнерпаздар Өзбекстандағы қандастарымызға ерекше көңіл-күй сыйлады.

«Қос елдің атасы болған Әйтеке бидің 370 жылдығы өзбек жұртымен бірлесе тойлануда. Концертке жоғары дайындықпен келіп, Қызылорда халқының сәлемін жеткізудеміз. Бізді ерекше ықыласпен қарсы алуда. Екі елдің мерекені бірлесе атап өтуі, ынтымақтың, татулықтың бекем екендігін білдіреді деп ойлаймын», - деді облыстық филармонияның бас директоры Т.Мақашов.

Дәстүрлі ән мен күйді нақышына келтіріп орындаған өнер ұжымы шараға жиылған барша жұрттың делебесін қоздырып, өзбек ағайындардың аспанын әсем жырмен тербетті.

М.САТЫБАЛДЫ.
ҚОҒАМ 24 мамыр 2014 г. 864 0