« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазіргі уақытта елімізде «Жасыл экономикаға» көшу бойынша ұлттық стратегия әзірлену үстінде. Сарапшылардың пікірінше, жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орынды алатын Қазақстанда аталмыш жобаны жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар. Соған орай «жасыл экономика» қағидаттарын енгізу мәселесі жан-жақты талдауға негіз болуда. Жақында Астанада болып өткен жиында Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаров ұлттық жобаның шамамен бір жылдан кейін дайын болатындығын жеткізді.
Атап өтерлігі, БҰҰ «РИО+20» Дүниежүзілік саммитінде Қазақстан «Жасыл көпір» аймақаралық және ғаламдық энергия-экологиялық стратегиясы туралы ұсыныс айтқан болатын. Қазақстанның бұл бастамасы әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапты. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаров «жасыл экономика» жобасының арзан жоба еместігін,оны жүзеге асыру үшін жыл сайын жалпы ішкі өнімнің 2 пайызын осы салаға жұмсап отыру қажеттігін айтты. «Қоршаған ортаны қорғау министрлігі әзірлеп жатқан құжат қарапайым емес. Құжаттың маңыздылығы сол, ол экономиканың барлық саласын қамтиды. Стратегия әзірленіп болған соң Қазақстанда «жасыл экономиканы» енгізу жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары қабылданады», – деді министр.
Көптеген елдерде «жасыл» экономикаға өту кезінде салықтық ынталандыру қарастырылған.
«Жасыл экономиканы» дамытуда Германия, Оңтүстік Корея мемлекеттері алдыңғы орында. Олар «жасылдануды» дамыту бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр. «Біз әлем елдерінің оң тәжірибелерін пайдаланамыз. Бүгінгі таңда әлемде экологияға қатысты көптеген проблемалар бар. Күн сайын табиғи ресурстар азайып, қоршаған орта ластанып жатыр. Сондықтан да адамзат үшін «жасыл экономикаға» көшу міндетті болып отыр», – деді Н.Қаппаров
Балама қуат көздерін қолдану, тұрғындардың таза ауыз суды тұтынуы және өндіріс қалдықтарын қысқарту мақсаттарын жүзеге асыру барысында ауқымды жұмыстар бар. «Жасыл экономикаға» көшудің маңызды бір буыны – қоқыс өңдеу. Соған орай ел аумағында жоспар бойынша 40-тан астам қоқыс өңдеуші кешеннің құрылысы басталмақ. Осындай кешен таяуда Астана қаласында пайдалануға беріледі.
Испан технологиясы бойынша салынған зауыт жылына 400 мың тонна қоқысты қайта өндеп, қала қажеттілігін өтеуге қауқарлы болады. Алдағы 2 жылда республикамызда дәл осындай 9 зауыт бой көтереді.
Бүгінде елімізде жел энергетикасы, қуат көзін үнемдеу, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жөнінде біршама заң қабылданды. Енді саладағы заңнаманың тиімді орындалуын қадағалау – негізгі шара. Сондықтан да «жасыл экономикаға» негізделген құқықтық базаны жетілдіру осы бастан қолға алынуда.
Министрдің атап өтуінше, әзірше стратегияға қанша қаражат қажет ететіндігін айтуға ерте. Нақты бюджеті «жасыл экономиканы» енгізу жоспары әзірленгеннен кейін белгілі болады. «Біз әлем елдерінің оң тәжірибелерін пайдаланамыз, бұл ретте Германия мен Оңтүстік Кореяны атап өткен орынды. Олар «жасыл экономиканы» дамытуда оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр.
Фарида Рахыш,
Бахыт Бекмұратова.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |