« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
шектен тыс салтанатқа шектеу қойылады
Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылады. Осынау жауапты сәтке биылғы түлектермен қатар ұстаздар қауымы, ата-аналар жан-жақты дайындалуда. Алдағы Ұлттық бірыңғай тест дайындығы өз алдына, биылғы түлектердің өздерін он бір жыл білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебімен қоштасуы сәтінде шектен тыс салтанатқа шектеу қойылады.
Бұған дейінгі түлектердіңмектеп бітіру салтанатын айрықша атап өтуікөп жайттардың бетін ашты. Ата-ана баласының көңілі үшін, оның қатарынан қалмауы үшін мол шығынға отыратыны анық. Әр-әр жердегі осындай салтанатты шеру кезінде қайғылы оқиғаларға тап болғандар кездесті. Мектеппен қоштасу салтанатына арнайы қымбат киім тіктіру, мейрамханада атап өту, қала көшелерінде шетелдік көліктермен автошеру ұйымдастыру бәрі де ата-ана қалтасына түседі. Оны жағдайы келіп тауып беретіндер де, баласы үшін қарыз алуға баратындар да кездеседі. Соның салдарынан мектеп түлектері арасында түрлі келеңсіз жайттар туындап қалатыны да жасырын емес. Сондықтан да биыл шектен тыс мереке салтанатын өткізуге тыйым салынды. Атап өтерлік жайт, биылғы оқу жылында барлық салтанат білім беру ұйымдарының қабырғасында өткізіледі. Ол облыс әкімі орынбасарының арнайы бұйрығымен бекітілген.
– Бұл мәселе қала әкімшілігінің арнайы отырысында да талқыланды,– деді бізбен әңгімесінде қалалық оқу бөлімінің бастығы Марат Аралбаев.– Тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді. Барлық мектептерде ата-аналар жиналыстары өткізіліп, биыл мектеп бітіру салтанатын мейрамханаларда тойлауға, автошеру ұйымдастыруға және табиғат аясына шығуға шектеу қойылғаны, соған орай түлектердің ата-аналарынан қаражат жиналмауы жайында айтылды.
Сонымен қатар 24-25 мамыр күндері қаладағы барлық мейрамханаларда, саябақта, т.б. адам көп жиналатын жерлерде кезекшілік ұйымдастырылатын болады. Ондағы мақсат – ата-ананың қалтасына қол салып, шектен тыс ысырапшылдыққа жол бермеу, түлектерді өз өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайлардан сақтандыру.
Биыл облыс бойынша 7065 оқушы мектеп бітіреді. Демек, бұл атқа қонған балалары үшін осыншама ата-ана алдағы сынаққа дайындық үстінде деген сөз. Отбасымыз аман, ұйқымыз тыныш болсын деп тілейік. Ол үшін алдымен ата-ананың батылдығы, баласын пәтуалы сөзге тоқтата алатын парасат-пайымы, мектеп ұжымының ауызбірлігі мен талабы қажет. Еліміздің келешегі болар бүгінгі жасты бір сәттік қызыққа емес, өмірлік ұстанар қағидасына бағыттай білсек – бәріміздің де ұтқанымыз. Биылғы әр түлек алдағы Ұлттық бірыңғай тесттен, яғни мемлекеттік сынақтан сүрінбей өтіп, өздері қалаған мамандықтарының жалына қол артса, бұл – жеңіс. Олай болса, жастарды осы мақсатқа жұмылдырайық.
Білім мекемелеріндегі соңғы қоңырау сыңғыры құтты болсын!
Биылғы бітірушілер саны: облыс бойынша 7064, оның ішінде
ҰБТ-ға қатысатыны – 5103, бұл жалпы бітірушілердің 72,2 пайызы.
Облыс бойынша "Алтын белгіге” үміткерлер саны нақтыланған жоқ, ал "Үздік аттестатқа” ұсынылғандар саны – 72.
Қала бойынша биылғы мектеп бітірушілер саны –1969, оның ішінде ҰБТ-ға қатысатыны – 1706, бұл жалпы бітірушілердің 86,6 пайызын құрайды.
"Алтын белгіге” үміткерлер саны – 111.
"Үздік аттестат” үміткерлер саны – 48.
Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |