1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шарада жиналған қауымды мерекемен құттықтаған Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев: «Өткенімізді саралай қарасақ, Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан көптеген қиыншылықтардан сүрінбей өтіп, беделді де абыройлы, әлемдік қауымдастық мойындаған, жедел дамудың даңғыл жолына түскен елдердің қатарына енді»- деп, Елбасының сындарлы саясатымен әлемге танылған еліміздің толымды жетістіктеріне тоқталды.
Мерекелік шара аясында бірқатар аудан азаматтары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай мерекелік медалімен, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының Алғысымен, және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Мерекелік кеш одан әрі аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.