« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мен көп балалы анамын. Жолдасым Әбілқасым екеуміз перзенттерімізді ел қатарлы тәрбиелеп, өсірдік. Келін түсіріп, немере сүйіп отырмыз. Қазіргі таңда екі келінім, ұлдарым, қызым, барлығы 13 адам бірге тұрамыз. Яғни, үш отбасы деп есептелеміз. Шүкір, өсіп-өнген жандармыз. Алайда жанұямызда отағасы ғана тұрақты жұмыс жасаушы еді. Мен уақытша еңбек ететінмін. Жасыратыны жоқ, бұл ахуал біздің отбасымызға қаржылық жағынан қиындық туындататын. Өзім көп уақыттан бері жұмыссыздықта «жұмыс іздеуші» ретінде тіркеуде тұрғанмын. Алайда тұрақты жұмысқа орналасудың сәті келмеген-ді.
Жуырда облыстық «Сыр бойы» газетінің редакциясына жағдайымды айтып, көмектесуін өтініп хат жазған едім. Көп ұзамай газеттің меншікті тілшісі Жұмабек Табынбаев арнайы келді. Біздің тіршілігімізді көзімен көрді. Қала әкімдігінің басшыларымен тілдесті. Көпбалалы ана ретінде маған мүмкіндігінше жәрдем жасауды сұрады. Міне, көптен күткен арманым орындалды. Қаладағы іргелі мекемеге тұрақты жұмыс жасауға жолдама алдым. «Бір ана қуанса, мың періште шаттанады» деген бар. Қиналғанда жәрдем қолын созған «Сыр бойы» газетінің ұжымына, ел ағаларына шын ниеттен аналық ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға Алланың нұры жаусын.
Анар Мусаева,
көпбалалы ана,
Қазалы қаласының тұрғыны.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |