МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖОЛЫНДА
– «Нұр Отан» съезінде сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болғаным үшін тағдырыма ризамын! Мен қасиетті Сыр топырағынан, кешегі Қазақ хандығның ордасы болған Сығанақ қаласының орнына қоныстанған Сунақата ауылынан келдім. Тәуелсіздік алған жылдары бүкіл халық қиындық көрді. Солардың бірі – мен де жұмыссыз қалған кезімде Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, менің түсіме еніп, қолымды алып, жағдайымды сұрағаныңыз әлі есімде. Барлық нәрсені жақсыға балайтын қазақпыз ғой. Артынша елдің жағдайы түзелді. Өзім ауыл әкімі болып тағайындалдым. Содан бері 20 жыл уақыт өтті. Қазір қуансақ та, қиналсақ та аузымызға Алла тағаланың шапағаты, ел мен Елбасының амандығы, халықтың бірлігі түседі.
«Қазақстан – 2050» стратегиясына сәйкес биыл ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Олардың құзыреттері күшейді. Бізге қаржы дербестігімен қатар, мамандар берілді. Ауыл әкімдері халықтың, Елбасының сенімін ақтап, елге сапалы мемлекеттік қызмет көрсетеміз және бөлінген қаржыны өз орнына тиімді пайдаланамыз деп сендіремін.
Әзия ҚЫСТАУБАЕВА,
Сунақата ауылдық округінің әкімі.
Жаңақорған ауданы.
ҚОҒАМ
22 қазан 2013 г.
1 182
0