« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қазанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,8%-ға жоғарылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 18,7%, сүт, тоңмай өнімдері мен жұмыртқаны сатып алу шығыстары – 14,6%, жеміс пен көкөніс сатып алу шығыстары – 12,7%, нан және жарма өнімдерін сатып алу шығыстары – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді сатып алу шығыстары 2,1% болды.
Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда | 0-13 жастағы балалар | 14-17 жастағы жасөспірімдер | 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық | Зейнет-керлер мен қарт адамдар | |||
жас жігіттер | қыздар | ерлер | әйелдер | ||||
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы | 28 620 | 25 237 | 35 692 | 27 349 | 33 600 | 26 656 | 26 496 |
Азық-түлік тауарлары | 15 741 | 13 881 | 19 630 | 15 042 | 18 480 | 14 661 | 14 573 |
Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер | 12 879 | 11 356 | 16 062 | 12 307 | 15 120 | 11 995 | 11 923 |
Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төменгі тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төменгі тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45%-дық мөлшерінде белгіленген.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |