Министр туризмді дамыту жөніндегі 2023 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаның әзірлену барысы туралы да айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында министрлік қызметінің маңызды бағыттары, соның ішінде кинематографияға қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіру және туризм мен спорт салаларын дамыту шаралары талқыланды.
Мәдениет және спорт министрінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта “Кинематография туралы” заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр. Бұл заң жобасы ұлттық киноны қалыптастыру ісін қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыруға, Қазақстанның фильмдерін және шетелдің жетекші компанияларымен бірлесіп түсірген киноөнімдерді халықаралық нарыққа кең көлемде шығаруға бағытталған.
Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы Мемлекет басшысына 2023 жылға дейінгі туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың әзірлену барысы және “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс салтын арттыру” атты Жолдаудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға қатысты тапсырманың орындалуы жөнінде баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.
baribar.kz