« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі дамытуды көздейді. Осы уақытқа дейінгі жүзеге асырылған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Жол картасы-2020», «Рухани жаңғыру», «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» мемлекеттік бағдарламалары аз уақыттың ішінде өз нәтижесін берді. Ендігі міндет – табысты елге айналу.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы ең алдымен қоғамдық сананың өзгерісіне бағытталған. Өз Отанын, туған жерін дамытуға жанашырлықпен үлес қосатын азаматтардың қатарын көбейту – біздің басты мақсатымыз. Бүгінгі Жолдауда елімізді дамытудың барлық салалары бойынша нақты тапсырмалар берілді. Мәселен, Жастар жылы, «Ауыл – ел бесігі», «Өз жеріңді танып, біл!», мектептерде әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын дамыту жобалары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсат-міндеттерімен үндесіп жатыр.
Алдағы уақытта жаңа жобалар, өзгеше форматтағы шараларды жоспарлауды қолға аламыз. Бұл бағыттағы жұмыстарды қазірден бастап кеттік. Жаңа ғимаратта орналасқан орталық мазмұнды әрі нәтижелі істердің ұйытқысы болмақ.
«Туған жер», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен» кіші бағдарламалары аясында жастардың бәсекелік қабілетін арттыру, туған жерді түлету, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ішкі және сыртқы туризмді дамыту, мұғалім мәртебесін көтеруге байланысты жобалар іске асырылып келеді. Келешекте бұл бастамалар нақты жоспар бойынша орындалмақ.
Елбасы Жолдауында білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының қызмет көрсету сапасын жақсарту, кәсіби білікті мамандармен қамтамасыз ету міндеттерін орындауды тапсырды. Мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру сапасын жақсарту, ЖОО бітірушілерінің жұмысқа орналасуына байланысты көрсеткіштерін айқындау нақты нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлікті қолдау, аграрлық сектор мен жеңіл өнеркәсіпті жетілдіру мемлекеттің бәсекелік қабілетін арттырады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен стратегиялық құжаттардың орындалу барысы мен нәтижесіне Ұлттық жаңғыру офисі мониторинг жасап отырады. Саннан – сапаға, сөзден іске көшетін уақыт келді.
Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметкерден бастап әрбір азамат елдің дамуына сапалы қызмет көрсетсе, нағыз табысты мемлекетке айналарымыз сөзсіз.
Гүлмира ӘШІРБЕКОВА,
облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |