Жас жұбайлар той кортежінен бас тартып, мұқтаж жандарды қуантты

Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде жас жұбайлар жаңа өмірге қадам басқан күнін қайрымды істен бастады. Олар қымбат той кортежінен бас тартып, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлаған деп хабарлайды Baq.kz.
Жағдайы төмен отбасыларға ерекше шаттық сыйлаған Әділбек Тілеубергенов пен Сәбира Нұрғабылдың айтуынша, олар отау құрған алғашқы күнін жақсылықтан бастағысы келіпті. Мақтанудан гөрі көпшіліктің батасын артық көрген жастар тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлікке толы пакеттерді үлестірген. 
Екі жастың некесін қиған имам жастарға дән риза екенін жеткізіп, мұқтаж жанджарға жәрдем бергендер үлкен сауапқа кенелетінін айтады. Ал бұл өз кезегенді қымбат кортеж жалдап, ақшасын текке шашатын жастарға үлгі боларлықтай іс дейді.
ҚОҒАМ 05 қазан 2018 г. 1 741 0