« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2021 жылдан бастап Қазақстанда жер учаскелері электронды түрде ғана беріледі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру аясында елімізде онлайн-несиелендіру арқылы несиелер мен кепілдіктерге арналған өтінімді автоматтандыру жүргізілді. Бұл фермерлердің жол жүру шығындарын азайтуға және өтінімді уақытында қарауды бақылауға мүмкіндік берді.
«2019 жылы онлайн-несиелендіру бойынша ілкі жоба өткізу жоспарлануда. 2021 жылы процесс толық автоматтандырылады және көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу кезінде бір рет шерту арқылы онлайн-несиелендіру жүргізілетін болады», - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі күні аукциондар мен сауда-саттықта жерді алу процесі автоматтандырылмаған және жер учаскелерінің ашық картасы жоқ.
«2019 жылдың 1 шілдесіне дейін жеке облыстарда ілкі режімде жер телімдерін тек қана электронды түрде беру жоспарлануда. Ал 2021 жылдан бастап процесті толығымен бастау көзделуде. 2019 жылдың соңына дейін жер телімдерінің ашық картасын жасау жоспарланып отыр»,- деді ол.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |