Қазақстанда оқу құралдарының бағасы өсті

Жаңа оқу жылы қарсаңында оқу және анықтамалық оқулықтардың бағасы бір айда 2,4 % және бір жыл ішінде 6,4%  дейін өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
I жартыжылдықта баспа қызметтері 20,7 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,6 пайызға жоғары.
Баспаханалардың басым көпшілігі газет (40,1%), журнал (11,6%) және тағы да басқа мерзімді басылымдар мен кітаптарды (9,7%) шығарумен айналысады.
Қыркүйектегі жағдайға сәйкес, бір жыл ішінде оқу-анықтамалық құралдар сатылым нүктелерінде 6,4%, яғни ҚР бойынша орта есеппен 1,3 мың теңгеге қымбаттаған.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2018-2019 оқу жылында мемлекет бойынша 3-ші, 6-шы және 8-ші сыныптар үшін 12 млн теңгеге мазмұны жаңартылған кітаптар сатып алынған. Бұл сыныптарда білім алатын оқушылардың саны 906 мыңға жеткен.
Республика бойынша баспаханалардан орта есеппен 98,2% оқулық пен оқу-әдістемелік құралдар жөнелтілген, өңірлерге 92,5 % жіберілді. Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында оқулық 100 % жеткізілген.



ҚОҒАМ 12 қыркүйек 2018 г. 894 0