« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Бүгін "Баспана" Ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасының іске қосылғанын айтты. Бағдарлама атауы - "Баспана Хит", деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
"Өздеріңіз білетіндей, "7-20-25" бағдарламасы бойынша тек бірінші тұрғын үй нарығындағы, яғни жаңа баспананы сатып алуға болады. "Баспана" компаниясы осыны ескере отырып, "7-20-25" бағдарламасынан бөлек, екінші тұрғын үй нарығындағы баспананы несиелеуге бағытталған арнайы өнім əзірледі. Бұл бағдарлама "Баспана хит" деп аталады", - деді Алтынбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қайрат Алтынбеков жаңа бағдарламаның шарттарымен де таныстырды. Оның айтуынша, бастапқы жарна баспана бағасының 20 пайызынан басталады. Пайыздық мөлшерлемесі - Ұлттық банктің базалық ставкасы + 1,75 пайызды құрайды. Қазіргі таңда Ұлттық банктің базалық ставкасы - 9 пайыз. Сəйкесінше, аталған бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі 10,75 пайызды құрайтын болады. Несие мерзімі - 15 жылға дейін.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |