Әлемдегі ең бай қытайлық 54 жасында зейнетке шықты

Alibaba атты ірі қытайлық компанияның негізін қалаушы Джек Ма зейнетке шықты. Бұл туралы The Newyork Times басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Кәсіпкер зейнетке 2018 жылдың 10 қыркүйегінде, 54 жасқа толғанда шығуды жөн көрген.
Джек Ма Қытайда іскерлік орта бұзылып, мемлекет жекеменшік секторлардың жұмысына жиі араласатын болған соң, өз компаниясынан кету туралы шешім шығарған. Ол компания директорларының кеңесіне мүше болып қалады және компания басшылығын үгіттеп отырады.
Миллиардердің сөзіне сенсек, ол зейнетке шыққан соң қайырымдылық шаралармен айналысып, білім беретін жобаларды қаржыландырады.
Джек Ма 1999 жылы әлемдегі ірі компанияны ашпай тұрып, ағылшын тілінің мұғалімі ретінде жұмыс істеген. Оның мүлкі 36,6 млрд долларға бағаланады.
Джек Ма — әлемдегі ең бай қытайлық.
ҚОҒАМ 10 қыркүйек 2018 г. 691 0