Елімізде бензин бағасы арзандауы мүмкін

Қазақстанда басты сұранысқа ие АИ-92 маркалы жанармайдың орта бағамы 156-158 теңге аралығында саудалануда. Ендігі меже осы бағытты ұстап қалу дейді сарапшылар. Бұл туралы 24.kz сайтына сілтеме жасаған kz.otyrar.kz сайты хабарлайды.
Түркістан облысы мен Шымкенттің жылдық тұтынатын жанармай қоры 80 мың тонна. Қазір жанармай бекеттерінде тапшылық жоқ. Көлік жүргізушілері қажетті сұйық отынды автокөліктеріне құйып алуда.
Энергетика министрлігі Ресейден жанар-жағармай тасымалдауға тыйым салу туралы айтқан болатын. Алдағы үш айда темір жол арқылы тасымалданатын жанармайға рұқсат жоқ.
Дегенмен импорт тоқтағанмен, отандық жанармай үлесі нарықта өз орнын тапқан.
“Еліміздегі үш зауыттың қазіргі таңға өздеріңіз білетіндей жылдың аяғында Шымкенттегі мұнай зауыты модернизацияны аяқтайды деген жоспары бар. Сол біткеннен кейін, өзіміздің елімізді толық жанармаймен қамтамасыз ете алады. Келешекте ешқандай алаңдауға негіз жоқ деп ойлаймын”, - дейді Жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров.
Сарапшылар елімізде жанармай бағасы көтерілмейді деп отыр. Керісінше, арзандауы мүмкін дейді.
ҚОҒАМ 07 қыркүйек 2018 г. 684 0