Головкиннің промоутері Қазақстан мен Мексика әнұрандарын орындамауға қатысты жауап берді

«Канелоның» промоутері қазақстандықтың отансүйгіштігіне шүбә келтірген. WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер әріптесі Оскар Де Ла Хойяның қазақстандық боксшы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жек алдында ұлттық әнұрандарды орындаудан бас тартты деген сөзіне жауабын берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Де Ла Хойяның сөзінше, мұндай ұсынысты Головкиннің командасы айтқан. Осылайша, ол қазақстандықтың отансүйгіштігіне күмән келтірген.
Промоутер Головкинді жекпе-жек алдында Қазақстан мен Мексика әнұрандары орындалмауын сұрады деп айыптады
«Тыңдаңыздар, олар бұл ақымақтықты қою керек. Олар елдерін қолдамай ма? Головкиннің адамдары жекпе-жек алдында әнұрандар орындалмасын дейді. Бұл бокстың салты. Чемпиондық жекпе-жектер алдында әнұранның орындалуы – жасалуы керек рәсім. Бұл өзіңді үлкен бір оқиғаның бөлшегі ретінде сезіндіреді.
Головкиннің адамдары жекпе-жек алдында Қазақстан, Мексика мен АҚШ әнұрандары орындалғанын қаламай тұр. Тағы қандай талап қояды? Құдайым-ау, енді жекпе-жекті де өткізбейтін шығармыз? Жәй ғана бар да, жұдырықтассаңшы!» - деген еді Де Ла Хоя. Алайда Леффлер әріптесінің сөзін жалған деді. «Оскардың айтқанын алғаш естіп отырмын, бұл жалған», - деп келтіреді Леффлердің сөзін boxing247.com.
Ал шынына келгенде Головкиннің командасы Қазақстан, Мексика және АҚШ-тың әнұрандары PPV тарнсляциялар басталмай тұрып орындалуын сұраған. Бұл жекпе-жектердің кідіріссіз өткізілуіне мүмкіндік береді. HBO арнасы бұл ойды қолдап, әнұрандар үнемі трансляция басталмай тұрып орындалуын қалайды. Ал Геннадий өз елі Қазақстанның, Мексика мен тұрып жатқан АҚШ әнұрандарына құрметі жоқ деу артық, жалған екені анық. Оскар және «Канело» Геннадийге тағы бір кешірім қарыз болды. Бұл Геннадий «Канело» тарапына неліктен сенбейтінін тағы да ашып көрсетіп тұр».

www.24.kz
ҚОҒАМ 03 қыркүйек 2018 г. 605 0