Бүгінде Сырдария ауданында үш ауысыммен оқитын, апаттық жағдайдағы мектептер мүлдем жоқ және мектептерде орын жетіспеушілік мәселесі толық шешілген.
Аудан мектептерінің орта мектеп курсын 2017-2018 оқу жылында 338 оқушы бітірді. Олардың 216-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.
Бұл мектеп бітірушілердің 64 пайызы. Биыл ҰБТ қорытындысы бойынша орташа бал 85,02 ұпайды құрады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 216 оқушының 157-і мемлекеттік грантқа түсіп, яғни 72,7 пайызды құрады. Бұл облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш. 2018 жылы «Алтын белгі» 20 оқушы, «Үздік аттестат» 11 оқушы иеленді.