Кеңестің көшпелі отырысы

Арал ауданында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы А.Мұхимовтың төрағалығымен әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ша­ралары қарқынды қолға алын­ғанымен, нәтиже көңіл көн­шіт­пей отыр. Айталық, өткен жылдың бірінші жарты жыл­ды­ғында тіркелген жағдайға қара­ғанда, биылғы жылдың жар­­ты жылдығында орын алған жағдай 4,5 есеге көбейген. Яғни, ауданда 2017 жылдың 6 айында 2 іс тіркелсе, осы жылдың 6 айында аудан бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы 9 жағдай тіркелген.

Кеңесте аудан әкімі М.Ораз­баев мемлекеттік қыз­мет және сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларға сәйкес про­фи­лактикалық бағыт­та атқарылған жұмыстарды баяндады. Бұл мәселеге қатысты кеңес төрағасы және мүшелері тарапынан сұрақтар беріліп, тиіс­ті ұсыныстар айтылды. Сон­дай-ақ кеңесте аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ә.Қосбармақов пен аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы  Б.Дүй­сеновтің есебі тыңдалды.

Кеңеске қатысушылар сыбай­лас жемқорлыққа қарсы шараларды барынша күшейту, оның алдын алуға табанды түрде әре­кет ету амалдарын пысықтап, қоғам дертімен көп болып күресуге шақырды.

 «СБ» ақпарат.

ҚОҒАМ 24 тамыз 2018 г. 556 0