Жосалы кентіндегі орталық стадионда спорт күні кәсіби мерекесіне орай ардагерлер мен жасөспірімдер арасында шағын футболдан жарыс өтті.
Жарыстың ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов бұқаралық спортты дамытуда атқарылып отырған жұмыстарға тоқталып, спорт күні кәсіби мерекесімен құттықтап жылы лебізін жеткізді.
Жарыс нәтижесімен ардагерлер арасындағы шағын футболдан І орынды Қармақшы ауданының ардагерлер командасы, ІІ орынды Байқоңыр қаласының ардагерлер командасы жеңіп алды.
2005-2006 жылы туылған жасөспірмдер арасындағы шағын футболдың қорытындысы бойынша І орынды №30 орта мектептің командасы, ІІ орынды №27 орта мектептің командасы, ІІІ орынды №250 мектеп-лицейдің командасы иеленді.