Кеше Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Әбішев Ислам Әлмаханұлы Шиелі ауданынындағы Сырдария өзенінің су мәселесімен танысты.
Қазіргі таңда «Сырдария» өзеніне 100 куб текше метр су түсіп жатса, ендігі кезекте 450 куб текше метр су берілетін болды.
Сонымен бірге ауданымызға сыйымдылығы 600 млн. текше метрлік «Күміскеткен» су қоймасын салу жобасын тағы бір мәрте пысықталды. Бұл жоба іске асқан кезде су тасқынының алдын алуға, сондай-ақ су тапшылығын болдырмауға мүмкіндік беретін болады.