ҚАЗАЛЫ ҚЫРАНДАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

Мектептің спортшылары 2017 жылы Азия чемпионаттарында грек-рим күресінен кадеттер арасында Сағымбай Рахат алтын медаль, жастар арасында Сырлыбай Олжас қола медальдарға ие болды.
Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын 6 спортшы орындады.
40 спортшы спорт шеберлігіне кандидат, 15 спортшы 1-спорттық разрядтарды орындады.
Қазақстан Республикасы чемпионатары мен біріншіліктерінде 17 алтын, 5 күміс, 50 қола медаль алды.
Республикалық және облыстық спорт интернаттарға спорт түрлері бойынша 15 спортшы шеберліктерін шыңдауға жіберілді.
Қазақстан ұлттық құрама сапына 3 спортшы қабылданды. 2018 жылы қаңтар айында бокстен әйелдер арасында өткен «Ұлттар кубогі» Сербия мемлекетінде спортшыларымыз Бақытжан Ақерке күміс, Келімбет Дәметкен қола медельға қол жеткізді.
Павлодар қаласында өткен жастар арасында таеквондодан ҚР-ның чемпионатында спортшымыз Биссалы Ақбота қола медельға ие болды.

ҚОҒАМ 17 тамыз 2018 г. 545 0