Әскерилерге электрондық қызмет алудың жаңа мүмкіндіктері түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы мамандарының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы №№5547, 2019 және 66597 әскери бөлімдерінде қызмет алушының СМС келісімі бойынша үшінші тұлғаның анықтамалар алу сервисі жұмысы туралы түсіндірме шарасы өткізілді.
Шара барысында әскери қызметкерлерге www.egov.kz электронды порталының көмегімен анықтама алудың тиімділігі түсіндірілді. Оның ішінде мамандар үшінші тұлғамен анықтама алу қызметіне тоқталды. Мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу бірқатар жеңілдіктер беретіні, ең алдымен бұл уақыт үнемдеу, яғни үйіңізде немесе жұмыс орнында отырып өзіңізге қажетті қызметтерге қол жеткізу екендігі айтылды.
Аталған сервис арқылы мекенжай, сотталғандығы болмауы (болуы), жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамаларды алуға болады.
Қазіргі таңда азаматтар ЭЦҚ-ны қолданбай-ақ бір реттік SMS-пароль арқылы порталға кіріп, сұранысқа қол қою арқылы 44 түрлі қызметке қол жеткізе алады.
Түсіндірме жұмыстарымен 600 астам әскери қызметкерлер қамтылды. Алдағы уақытта түсіндіру жұмыстарымен өңірдегі банк, пәтер иелерінің кооперативтері, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары және мемлекеттік органдар қамтылатын болады.
ҚОҒАМ 15 тамыз 2018 г. 650 0