Аграрлық сала қызметкерлерімен кездесу

Сырдария ауданы, Шаған ауылындағы «Шаған» БПҰ-дағы аграрлық сала қызметкерлерімен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана – елдің тірегі» тақырыбында кездесу өтті.
Шаған ауылында «Нұр Отан» партиясының «Шаған» бастауыш партия ұйымындағы аграрлық сектор қызметкерлерімен кездесу болды. Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясындағы «Астана - ел тірегі» атты кездесуге ауыл әкімі, «Шаған» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғабит Ошақбаев және партияның аудандық филиалының кеңесшісі Берік Ахметов сөз сөйледі.
Атап айтар болсақ, биылғы жыл еліміз және Сыр халқы үшін елеулі күндерге толы: елордамыздың 20 жылдық мерейтойы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы және Сырдария ауданының 90 жылдығы бір-бірімен сабақтасып жатыр. 20 жыл бойы Еуразия құрлығындағы ең жас астана елеулі өзгерістерге ұшырап, ұлы дала елінің маржаны іспеттес болды. Сонымен қатар, біздің облыс барлық жағынан елеулі түрде өркендеп жатыр. Мәселен, тұрғын – үй құрылысы тез дамып, Қызылорда қаласының бейнесі адам танымастай өзгеруде. Сырдарияның сол жағалауында «жаңа» қала салынуда.
Кездесу барысында партия кеңесшісі Б.Ахметов Елбасы Н.Назарбаев ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударып отырғанын және аграрлық сектор ел экономикасының драйвері екендігін атап өтті. Ауыл шаруашылығына салынған қыруар қаржының арқасында мыңдаған жұмыс орны ашылды. Кездесу соңында Б.Ахметов ауыл шаруашылығының үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.
ҚОҒАМ 14 тамыз 2018 г. 539 0