Тәртіптік комиссиялардың жұмысы қорытындыланды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы А.Мұхимовтың төрағалық етуімен Қызылорда облысындағы жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардық аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің аппарат басшылары, басшылары, кадр қызметкерлері, тәртіптік комиссия мүшелерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының 2018 жылдың І-жартыжылдығындағы жұмыстары қорытындыланып, тәртіптік жаза қолдану тәжірибесінің жай-күйі талқыланды.
Семинар нәтижесімен, облыстағы мемлекеттік орган басшыларына тәртіптік жаза қолдану кезінде кемшіліктердің алдын алу бағытында ұсынымдар енгізілді.
ҚОҒАМ 06 тамыз 2018 г. 590 0