Облыстық азаншылар жарысы өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде облыстық азаншылар сайысы өтті.
Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы алғы сөзінде азанның қадір-қасиеті мен азаншының дәрежесі туралы айтып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Мешіт қызметкерлері арасында өткізілген сайыста үміткерлерге қойылатын басты талаптар: азанды толық жатқа айту, махраджының дұрыс болуы, тәжуид ережелерінің сақталуы, дұғаларын білуі және қосымша сұрақтарға жауап бере алуы керек.
Аймақ мешіттерінен жиналған азаншылар арасынан Ақтөбе қаласында өтетін ІІІ республикалық «Әдемі әуезді азаншы» сайысына облыс атынан қатысып, Сыр өңірінің абыройын қорғайтын үміткер іріктеп алынды.
Сайыс шарттарын ескере отырып шешім шығарған әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша Саламатов Бахтияр ІІ-орын (30 000 тг), Қожаназаров Асқар ІІІ-орын (20 000 тг) иеленіп, қаржылай сыйақылармен марапатталса, І-орын жүлдегері (50 000 тг) Садуов Шыңғыс деп танылып, ІІІ республикалық азаншылар жарысына қатысушы үміткер ретінде жолдама алды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ҚОҒАМ 06 тамыз 2018 г. 493 0