Жаңақорған ауданы Манап ауылындағы №160 мектеп жанынан ұйымдастырылған «Жас ұлан» күндізгі лагері жас өрендердің жазғы демалысын қызықты өткізуге көңіл бөліп келеді. Жақында мұнда «Демаламыз күлеміз, Көңілді күнді сүйеміз!» атты мерекелік шара өтті.
Шара барысында мектеп директоры Жанәділ Ибрагимов өз тілектестігін білдірді. Лагерь өрендері өз өнерлерін көрсетті. Мектеп оқушысы Мерей Өмірзақ «Көңілді күн» әнін шырқаса, Арафат Өмірзақ, Нұрасыл Шадман, Аршын Толқынбай және Ақжайық Абай, өзге де жеткіншектер ән мен күйден шашу шашты.
Тәлім-тәрбиелік мәні зор шарада жеткіншектерге қызықты мағлұматтар айтылды. Оқушылар да тақырыпқа байланысты өздерінің ойларын ортаға салды.
Рахима КАМАЛОВА,
лагерь басшысы.