Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл–Қазына» ұлттық ғылыми–практикалық орталығы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру міндеттерін іске асыру мақсатында қазақ тілінің латын графикасындағы емле ережелер жобасын әзірлегені белгілі.
Осыған орай, бүгін Сырдария ауданы бойынша қоғамның әртүрлі топтары арасында емле ережелер жобасына байланысты байқау сынамалары жүргізілді.
Сынамаға аудан бойынша 30 азамат қатысып, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы ойларымен бөлісті.
Жалпы, аудан тұрғындары тіл реформасына қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға қолдау білдіруде. Бүгінде аудан әкімінің баспасөз қызметі аудан әкімдігінің ресми сайтында және мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында сала қызметкерлері мен тіл мамандарының пікірлерін жариялауда.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.